Ақтау қаласының прокуроры Алматыда ұсталды: қызметтік тексеру шаралары қолға алынды

Ұсталды, Алматы, Ақтау, прокурор, әуежай, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 17:58 Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіровтың мас күйінде Алматы әуежайында лаң салғаны үшін ұсталып, айыппұл арқалағаны туралы ақпарат тарауда. Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға шендінің еңбек демалысы кезінде болған.

Сондай-ақ, қазір Әбдіровке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу") және ҚР ӘҚБтК-нің434-бабы, 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық: қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, азаматтарды қорлау және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылғаны да нақтыланады.

Zakon.kz тілшісі Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне хабарласып, мынандай мәлімет алды:

"Аталған факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша қызметкерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады".

Өңір прокуратурасының сайтында Ерболата Әбдіровтың құзырлы орган қатарындағы еңбек өтілі 20 жыл  деп көрсетілген. 

Бұған дейін кезінде бас прокурор болған Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: