Ақтау прокуроры кінәлі деп танылды

15 қыркүйекте Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Абдировқа қатысты істі апелляциялық тәртіпте қайта қарап, оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 16:05 Сурет: gov.kz
15 қыркүйекте Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Абдировқа қатысты істі апелляциялық тәртіпте қайта қарап, оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың мәліметінше, 2025 жылғы 27 тамызда сағат 23:00-де Абдиров Алматы – Астана бағыты бойынша рейс КС-955 жолаушыларын тасымалдаған автобуста қоғамдық тәртіпті бұзып, адамдарға тіл тигізген. Кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, полиция мен әуежай қызметкерлерінің актілерімен расталды.

Апелляциялық алқа бірінші инстанция сотының ақтау шешімін заңсыз және негізсіз деп тауып, оны жойды. Нәтижесінде прокурор ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша кінәлі деп танылып, 78 640 теңге айыппұл салынды.

Бұл шешім заңды күшіне енді.

Бұған дейін 9 қыркүйекте Абдировтың ұсталғаны хабарланған болатын. 12 қыркүйекте Ақтау қаласының соты оны кінәсіз деп тапқан, алайда Алматы қаласы әуе көлігі прокуроры бұл шешімге шағым түсірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: