Қазақстанда ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындарына микрокредит беру және лизинг жүргізу ережесі бекітілді
Ауылдық елді мекендердің (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалалардың мынадай жеке және заңды тұлғалары ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алуға үміткерлер болып табылады:
- жұмыссыздар;
- дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған дара кәсіпкерлер;
- отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
- сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;
- "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кооперативі);
- ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер.
Осы Қағидалар шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасының және жабдығының лизингін алуға үміткерлер ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылады.
Ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органы ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың қажеттіліктерін, олардың әлеуетін, бос жайылымдық алқаптардың, өткізу нарықтарының болуын және жобаларды табысты іске асыруға әсер ететін басқа да факторларды негізге ала отырып, әрбір ауылдық елді мекеннің және әрбір шағын қаланың жобаларына микрокредит берудің басым бағыттарын айқындайды. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға арналған жобаларға микрокредит беру үшін бағдарламаға бөлінген қаражаттың 50 пайызынан аспайтын бөлігін жіберуге жол беріледі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ауыл шаруашылығы техникасының және жабдығының лизингіне бағдарламаға бөлінген қаражаттың 20 пайызынан аспайтын бөлігін жіберуге жол беріледі.
Жергілікті атқарушы органдар бірлесіп қаржыландыру шарттарында осы Қағидалар шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасының және жабдығының лизингін қаржыландыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан кем емес қосымша қаражатты жергілікті бюджеттен бөледі.
Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде берілетін микрокредиттер және ауыл шаруашылығы техникасын және жабдығын сатып алу үшін лизинг сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.
Адамдарға ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредит беру және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ауыл шаруашылығы техникасын және жабдығын лизингке беру мақсатында бюджеттік кредит мынадай шарттарда беріледі:
- жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызбен қайтарымдылық, қамтамасыздық, жеделділік және ақылылық қағидаттарымен 10 (он) жылға;
- бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты:
- жобаларды іске асыру үшін үміткерлерге микрокредит беру, оның ішінде ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды сатып алу;
- ауыл шаруашылығы техникасын және жабдығын сатып алу үшін лизинг;
- негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 28 (жиырма сегіз) ай мерзімінен аспайды;
- бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 (он екі) айды құрайды және жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредит аударылған сәттен бастап есептеледі.
Осы ережелерді іске асыру мақсатында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті бюджет бекітілгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға кейіннен бекіту үшін бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын жолдайды.
Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шарты бойынша бюджеттік кредит қаражатын береді.
Бюджеттік кредит қаражаты сенім білдірілген өкілге (агентке) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қаржылық және (немесе) қаржылық емес оператордың қолма қол алатын шотына аударылады.
Микрокредиттер үміткерлерге жеделділік, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыздық, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып мынадай шарттармен беріледі:
- микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
- микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін.
- Бұрын алынған микрокредит бойынша міндеттемелерді толық орындаған үміткерлерге қайта кредит беру кезінде микрокредиттің ең жоғары сомасының мөлшері 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды. Бұл ретте, микрокредиттер бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен беріледі, бірақ микрокредиттің ең жоғары мерзімінің 1/2 (екіден бір) бөлігінен ерте берілмейді;
- номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды;
- кепілдік қамтамасыз етудің болуы;
- негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;
- микрокредит беруге мақұлдау алғаннан кейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу. Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы мәліметтер тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ақпараттық жүйеде көрсетіледі.
Микрокредиттерді қамтамасыз ету тәсілдері жергілікті атқарушы орган мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалатын тапсырма шартында көрсетіледі.
Лизинг үміткерлерге мынадай шарттармен беріледі:
- ауыл шаруашылығы техникасы және жабдығы лизингінің мерзімі – 5 (бес) жылға дейін;
- лизинг нысанасының ең жоғары құны (ауыл шаруашылығы техникасы және жабдығы) – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін;
- номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды;
- негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең – ауыл шаруашылығы техникасы және жабдығы лизингі мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;
Лизингке жаңа және бұрын қолданылмаған ауыл шаруашылығы техникасы және жабдығы жатады.
Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алу үшін жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары:
- жобаның басым бағыттарға сәйкестігі;
- тұрақты жұмыс орындарын құру;
- жеке тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада тұрғылықты жері бойынша кемінде 12 (он екі) ай (микрокредит алуға өтінім беру күніне) тұрақты тіркеудің болуы;
дара кәсіпкерлер үшін/заңды тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеудің болуы;
- жаңа, бұрын пайдаланылмаған техниканы, жабдықты сатып алу.
Микрокредиттер мынадай мақсаттарға берілмейді:
- жеңіл автокөлік сатып алу;
- ауыл шаруашылығы жануарларын жақын туыстарынан сатып алу;
- кейіннен жалға беру үшін ғимараттарды, үй-жайларды, тұрғын үйлерді сатып алу және/немесе салу.
Жобаның толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.
Бұйрық 2024 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.