Қандай жағдайларда әскери ұшқыштарға зейнетақы тағайындалады
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыш құрамына жыл сайынғы ұшу нормасы тиісті жылға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жедел, жұмылдыру және жауынгерлік даярлығын жоспарлау жөніндегі ұйымдық-әдістемелік нұсқауда айқындалады.
Жыл қорытындысы бойынша тиісті басшы (Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, әскери бөлім командирі, әскери оқу орнының бастығы) өз құзыреті шегінде бағынысты ұшқыш құрамының ұшу жұмысын есепке алу парағына жазылатын белгіленген ұшу нормасын орындағаны туралы бұйрық шығарады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыш құрамы ұшу нормасын орындаған кезде еңбек сіңірген жылдарын есептейтін республикалық мемлекеттік мекеме жеңілдік жағдайында зейнетақы тағайындау кезінде еңбек сіңірген жылдарын есептейді.
Еңбек сіңірген жылдар үшін жағдайлар
Мәселен, еңбек сіңірген жылдарын есептеу екі айда бір айлық қызмет ұшу нормасы орындалған кезде жүргізіледі:
- жойғыш, жойғыш-бомбалаушы, бомбалаушы, шабуылдаушы, барлау авиациясы ұшағында және оқу-жаттығу реактивті, турбореактивті ұшақта;
- қозғалтқышы реактивті және турбо-винтті әскери-көлік, көлік, арнайы ұшақта;
- қозғалтқышы турбо-винтті (турбобілікті) барлық мақсаттағы тікұшақта орындаған кезде еңбек сіңірген жылдарының бір ай қызметі екі ай болып есептеледі.
Ұшу нормасын қозғалтқышы поршеньді ұшақта және пилотсыз әуе кемесінде орындаған кезде еңбек сіңірген жылдарының бір ай қызметі бір жарым ай болып есептеледі.
Ұшқыш құрамы ұшу жұмысында толық күнтізбелік жыл болмаған жағдайда ұшу сағатының нормасы ұшу жұмысында нақты болған уақытына пропорционалды түрде айқындалады.
Бұйрық 2024 жылғы 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.