"Сыртта отырып қоңырау шалған". Алматыда алаяқтардың "ордасы" анықталды
Сурет: pxhere
Алматыда интернет алаяқтық жасауға арналған жабдықты пайдаланумен байланысты әрекеттердің жолы кесілді. Бұл туралы бүгін, 19 қарашада Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының "Cyberpol" қызметкерлері, алаяқтық схемаларды ұйымдастыру үшін "SIM box" жабдығын пайдаланған деген күдікті "Р" азаматын ұстады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары "Қазақтелеком" АҚ және "Кселл" АҚ-мен ынтымақтастық шеңберінде жүргізілді.
"Жалға алынған пәтерді тексеру барысында 32 SIM-карта слоты бар "SIM box" жабдығы, сондай-ақ ұялы операторға тиесілі 285 SIM-карта табылды. Құрылғы "WhatsApp" және "Telegram" сияқты интернет-сервистері мен мессенджерлерді белсенді ету үшін пайдаланылды, бұл алаяқтарға жасырын аккаунттарды тіркеуге және елден тыс жерлерде Қазақстан азаматтарына қоңырау шалуға мүмкіндік берді".Алматы қаласының прокуратурасы
Ұсталғанның айтуынша, ол жұмыс туралы ұсынысты Telegram арқылы алған, онда оған жабдықтарды баптау және қызмет көрсету, сондай-ақ SIM-карталарды үнемі ауыстырып отыру тапсырылған.
"Осы міндеттерді орындағаны үшін жоғары ақы төленеді деп уәде берілген".Алматы қаласының прокуратурасы
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтардың назарын, жеңіл табыс табу уәдесін беріп күмәнді схемаларға қатысу тәуекелдерінің көбеюіне аударады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript