Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Ресей теміржол көлігі мен автомобиль жолдарын бірге дамытатын болады

Строительство железной дороги, ЖД, железная дорога, поезда , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2024 11:45 Фото: primeminister.kz
Үкімет 2024 жылғы 22 қарашада "ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы теміржол көлігі мен инфрақұрылымды, автомобиль жолдарын, сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін дамыту саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы келісімге қол қою туралы" қаулы қабылдады.

Келісім Тараптардың ынтымақтастықты жүзеге асыратынын және келесі бағыттар бойынша іс-қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз ететінін көздейді:

  • Тараптар мемлекеттерінің аумағында орналасқан теміржол көлігі инфрақұрылымын және автомобиль жолдары учаскелерін, сондай-ақ тараптар мемлекеттерінің аумағында орналасқан автомобиль және теміржол өткізу пункттерін дамыту жөніндегі іс-шараларды келісу және іске асыруды қамтамасыз ету;
  • Тараптар мемлекеттерінің аумағында көлік инфрақұрылымы объектілерінің және өткізу пункттерінің тиісті пайдалану жай-күйін және жеткілікті өткізу қабілетін қамтамасыз ету;
  • Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту саласында тәжірибе және ақпарат алмасу;
  • Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара арқылы теміржол көлігі мен инфрақұрылымды, автомобиль жолдарын, сондай-ақ автомобиль және теміржол өткізу пункттерін дамыту саласындағы ынтымақтастықтың өзара келісілген өзге де бағыттары.

Сондай-ақ, тараптар келісім шеңберінде өздерінің құзыретті органдары бекітетін іс-шаралар жоспарларын ("жол карталарын") орындау бойынша келісілген шаралар қабылдайтыны айтылады:

  • теміржол көлігін және теміржол көлігінің инфрақұрылымын дамыту;
  • Тараптар мемлекеттерінің аумағында орналасқан автомобиль жолдарының учаскелерін дамыту;
  • Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерін дамыту;
  • Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол өткізу пункттерін дамыту.

Іс-шаралар жоспарларын ("жол карталарын") бекіту кезінде құзыретті органдар тараптар мемлекеттері арасындағы автомобиль және темір жол тасымалдарында, сондай-ақ олардың аумақтары бойынша автомобиль және теміржол транзитінде жүк базасының жаңа көлемдерін тарту мақсатында автомобиль және теміржол жүк ағындарын синхрондау қажеттілігін басшылыққа алады.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: