Қазақстан Астраханьда, ал Ресей Оралда консулдық ашады
"2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге хаттаманың жобасы мақұлдансын", – делінген құжатта.
Хаттама бойынша Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығының консулдық округіне Дағыстан Республикасы, Ингушетия Республикасы, Кабардино-Балкария Республикасы, Қалмақ Республикасы, Солтүстік Осетия-Алания Республикасы, Шешен Республикасы, Ростов облысы, Краснодар және Ставрополь өлкелерінің аумақтары қосылады.
Алайда Орынбор, Самара және Саратов облыстарының аумақтары шығарылады.
Ал Орал қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының консулдық округінен Маңғыстау облысының аумағы шығарылылады.
Қаулы жобасы 8 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.