Алматыда күзетшілер кафе қонағын соққыға жыққан
Сурет: pixabay
Алматыда Алмалы аудандық полицейлері ер адамды қатты соққыға жыққан қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің екі күзетшісін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 40 жастағы ер адам ауыр жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.
"Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында дәмхананың екі күзетшісінің кінәсі анықталды, жәбірленуші онда достарымен бірге болған. Күзетшілердің отырыс уақытын сәл ұзарту туралы олардың өтінішіне соншалықты агрессивті түрде неге жауап қатқаны белгілі болды. Оның үстіне мекеме қызметкерлері соққыға жығылған ер адамға араша болмақ болған адамдарға еш әрекет жасамаған. Екі күдікті де ұсталып, қамауға алынды", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Бұған дейін БҚО-да ақша бопсалады деген күдікпен колледж студенттері ұсталғаны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript