Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда 80 млн теңгені қолды қылған әлеуметтік орталықтың директоры мен есепшісі сотталды

Сот үкімі, Атырау облысы, әлеуметтік орталық директоры, бас есепші, ақша ұрлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 21:48 Сурет: Zakon.kz
Жылыой аудандық соты cеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деп айыпталған Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының директоры мен №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бас есепшісін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта Ш. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бас есепшісі және уақытша мекеме директоры міндетін атқарушы бола тұра, 2021-2022 жылдары өзінің және таныстарының банк есепшоттарына 73 млн теңгеден астам қаражат аударғанын анықтады.  Осылайша ол аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, талан-таражға салған. Орталық директоры Ж. 2022-2024 жылдары тура осы жолмен 6 млн теңгеден астам соманы иемденіп, талан-таражға салған.

Сотталушылар өз кінәларын мойындады. Прокурор сотталушы Ш-ға – 6 жыл 8 ай, Ж-ға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші Ш-ға 60 млн астам теңгеге талап қоюын қанағаттандырып, заң шеңберінде жаза тағайындауды сұрады.

Сот сотталушылар тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып:

  • Ш-ға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
  • Ж-ға ҚК-тің 55-бабының 4-бөлігін қолданумен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: