Жаңалықтар тізбегі
0

Сот вайнерлер мен қаржы пирамидасы ісіне қатысты толық мәлімет ұсынды

Қаржы пирамидасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 19:40 Сурет: Zakon.kz
Алмалы аудандық сотында қылмыстық топтың аса ірі мөлшерде ақша мен мүлікті тарта отырып, қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 12 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, оған қатыстылар қылмыстық топты ұйымдастырды деп айыпталады.

"Сот сотталушы К-ның 2019 жылы "Astex.kz" ЖШС-ны ашқанын анықтады , оны ҰҚТ-ның мүшелері ағайынды М. мен Е-ге рәсімдеген, сондай-ақ азамат Р-ды директор етіп тағайындады. Аталған тұлғалар салымшыларды тартумен, ақшалай қаражатты қабылдаумен айналысқан, сондай-ақ жаңа салымшыларды тартқандарға әкеліп салынған салымның 10% сомасында ынталандыру мақсатында бонус бағдарламасын жүргізген. Бұл ретте салымшыларға "олардың салымы тендерлік жобаларға бағытталып, одан түскен дивидендтер бөлініп беріледі" деген жалған ақпарат ұсынылған", делінген хабарламада.

Ал салымшылардан келіп түскен ақшалар компания шотынан шешіп алынып, сотталушылардың жеке шоттарына аударылған, ал жәбірленушілердің салым ретінде берілген мүлкі сатылып, ол ақша "Astex.kz" шотына салынбаған.

Осылайша, жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде – 867,5 млн теңге материалдық залал келтірілді.

"Одан соң да сотталушы К. салымшылардың тартылу деңгейіне қанағаттанбай, желілік маркетинг саласында тәжірибесі бар адамдарды қылмыстық әрекетке тарту туралы шешім қабылдайды. Ол үшін желілік компанияларды ілгерілету дағдылары бар О-мен (іздеудегі) қылмыстық келісімге келеді", - деп жазады соттың баспасөз қызметі.

Нәтижесінде 2020 жылдың ортасында жаңа қаржы пирамидасы - "MUDARABAH CAPITAL" ЖШС құрылады. Ол ислам  шариғатына сай қаржы (инвестициялық) институты ретінде жарнамаланып, бұл жәбірленушілерде жалған түсінік қалыптастырған. 

Mudarabah Capital ЖШС құрылтайшыларының құрамына әрқайсысында 11-11,5% үлес бар алты сотталушы кіреді, олардан әртүрлі қылмыстық рөлдер бойынша сұрақ-жауап алынды. 

"Сондай-ақ компанияның үгіт-насихат қызметіне әлеуметтік желілердегі өз парақшасында ЖШС жарнамасын жүргізу міндеттелген соталушылар Ш. мен Т. тартылды. Осы қаржы пирамидасының қылмыстық әрекеті нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде – 1 млрд теңгеден астам материалдық залал келтірілді", - деп мәлімдеді соттағылар.

Сот баспасөз қызметінің нақтылауынша, сотталушылар өз кінәсін мойындамады, өздерін ақтауды сұрады.

"Сот үкімімен 10 сотталушы ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысқаны, қаржы (инвестициялық) пирамидасын құрғаны және оны басқарғаны үшін кінәлі деп танылды және оларға орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 6 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сотталушылар Т. және Ш. қаржы пирамидасына басшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оларға ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.

Жазаны тағайындау кезінде кейбір сотталушылардың жас балаларының болуы жеңілдететін жағдайлар ретінде қарастырылды.

Сондай-ақ сот жәбірленушілердің 1 861 752 441 теңгеден астам сомаға азаматтық талаптарын қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасының мүшелеріне қатысты басты сот талқысы аяқталғаны туралы хабарланған болатын

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: