10 млн долларлық активтер мен жер учаскесі: "Amir Capital" қаржы пирамидасы ісінің деректері жарияланды

Накопление, накопления, сбережение, сбережения, деньги, финансы, тенге, инвестирование, инвестиции, капитал, мошенничество, мошенники, мошенник, мошеннические схемы, вид мошенничества, финансовая пирамида, пирамида, финансовые аферы, финансовая афера, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 10:23 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы қаласы бойынша ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті "Amir Capital" қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық ауқымдағы қаржы пирамидасына қатысты істің егжей-тегжейін бүгін, 2025 жылғы 25 қыркүйекте, агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырған "Amir Capital" компаниясы үш жыл бойы Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестициялау арқылы 5–10% мөлшерде табыс табу уәдесімен қаржы тартқан. Инвесторлар компанияның ресми сайты арқылы жолданған реферальды сілтеме бойынша тіркелген. Жеке кабинеттерді толтыру криптовалюта түрінде (USDT, BTC, ETH) Amir Wallet әмияны арқылы жүзеге асқан.

Түскен қаражат қаржы пирамидасының принципі бойынша бөлініп отырған — яғни, бұрын тіркелген қатысушыларға төлемдер кейінгі салымшылардың қаржысы есебінен төленген.

Нәтижесінде аталған пирамидаға 40-тан астам адам тартылған.

2021 жылдың соңында салымшылардың "amir.capital" платформасындағы жеке кабинеттерінен қаражат шығару мүмкіндігі шектелген. Ұйымдастырушылар бұл жағдайды техникалық ақаулармен түсіндіріп, төлемдерді қайта бастауға уәде бергенімен, қаражатқа қол жеткізу мүмкіндігі қалпына келтірілмеген.

Құны 10 млн АҚШ долларынан асатын криптоактивтер мен Алматы облысындағы жер телімін бұғаттауға сот санкциясы алынды.

Күдіктілердің бірі 2 айға қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: