Бишімбаевтың адвокаты медаль алды

Сотта бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қорғаушы болған адвокат Ерлан Ғазымжанов "Кәсіпқойлығы үшін" медалімен марапатталды. Марапатты Республикалық адвокаттар алқасы (РАА) берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл туралы 5 желтоқсанда Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Қазақстандық адвокатура күні "Кәсіпқойлығы үшін" медальмен марапатталдым. Бұл марапат мен үшін күш-жігерім мен жетістіктерімді мойындаудың белгісі ғана емес, сонымен қатар адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда өз жолымды жалғастыруда шабыт болады", - деп жазды Ғазымжанов.
Айта кетелік, оған медальді Бишімбаевтың ісі бойынша сотқа жәбірленушілер тарапына өкілдік еткен Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Игорь Вранчев табыс етті.
2024 жылғы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript