Алматы облысында ер адамнан “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді

Есірткі, Алматы облысы, ер адам, синтетика, ірі партия , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2024 19:45 Сурет: polisia.kz
Алматы облысының Алатау қаласында "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, одан тінту кезінде ерекше иісі бар ұнтақ заттың 143 орамы табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Зертханалық зерттеулер қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 156,18 грамм "Alfa-PVP" синтетикалық препараты екені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Айта кету керек, 156 грамм тәркіленген заттың жалпы құны 3 миллион 150 мың теңгеге, яғни 314 дозаға тең.  

Бұған дейін Абай облысында полицейлер ата-анасы сотталған екі баланы қолдау орталығына орналастырғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: