Атырауда ер адамнан ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді
Фото: Zakon.kz
Атырау облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде есірткі заттарын таратумен айналысқан 41 жастағы ер адамды ұстады.
Тінту барысында күдіктінің автокөлігінен 125 грамм есірткі табылды. Сондай-ақ оқиға орнында жасырған жерінен 81 грамм есірткі тәркіленді.
Аталған заттар жалпы салмағы 206 грамм болатын Альфа-pvp синтетикалық есірткі заты екені анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Полиция есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың болашағына бейжай қарамай, есірткіден аулақ болыңыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript