Алматыда Орталық мешіт маңындағы жағдайға байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр

Әлеуметтік желіде тура жол үстінде намаз оқыған топ адамның видеосы тарады. Алматы қалалық полиция департаменті Орталық мешіт маңындағы бұл жағдайға байланысты тексеру жүргізіп жатқандарын, тиісті шаралар қабылданатынын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті "Заң мен тәртіп" қағидатын еске түсіріп, азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауға шақырады.
"Кез келген себеппен жолды жабу жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады және ҚР ӘҚбК-нің 614-бабының талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеліп соғады", делінген полиция хабарламасында.
Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматы полициясы профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтті.
Полиция мәліметінше, мұндай деректерге жол берілмейді, олардың жолы кесіледі.
Бұған дейін Алматыда полицияны бопсалаған блогер қамауға алынғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript