Қызылорда облысында есірткі зертханасының көзі жойылды

Ұсталды, күдікті, Қызылорда облысы, есірткі зертханасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2024 20:42 Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғын ұйымдастырған есірткі зертханасын анықтады. Оқиға орнында 52 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаменті мәліметінше, ол сарайдың ішінде қабырғалары пластик фольгамен қапталған есірткі зертханасын жасаған. Тексеру кезінде есірткі өсіруге арналған жарықдиодты жарықтандыру құрылғылары мен суаруға қажетті құрал-саймандар тәркіленді.


"Зертхана ішінен 214 түп қарасора өсімдігі заттай дәлел ретінде алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы төрт келіге жуық болған. Сонымен қатар кептірілген шөп тәріздес ерекше хош иісі бар заттар: 8 газет қиындысына, 6 полиэтилен пакетіне және пластикалық бөтелкеге салынған есірткі табылды. Сараптама нәтижесі бойынша, олардың жалпы салмағы 5,4 келіден астам кептірілген марихуана және 4,65 грамм гашиш екені анықталды", делінген хабарламада.

Айыпталушы тергеу кезінде қамауда болды. Сот шешімі бойынша ол 12 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: