"Әділет, қойшы". Талғарда пышақпен жүгіріп жүрген ер адам оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды

Полиция, Талғар ауданы, пышақ, ер адам, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2024 19:16 Сурет: Zakon.kz
Полициядағылар Zakon.kz сайтына өткен түнде Талғарда не болғанын айтып берді. Куәгерлер таңертеңгі сағат 04:00 шамасында төбелестен соң қашып бара жатқан, ал қолында пышағы бар ер адамды видеоға түсіріп алған. Видеода әйел адамның: "Әділет қойшы" деген үрейлі дауысы естіледі.

Алматы облысының полиция департаменті түсіндіріп өткендей, аталған оқиғаға қатысушыларды Талғар ауданының полицейлері ұстаған. 

"Заң аясында қажетті шаралар қабылданды. Видеодағы оқиғаға қатысушы - 37 және 31 жас аралығындағы аудан тұрғындары ұсталып, жауапқа тарту үшін полицияға жеткізілді". Алматы облысы ПД

Белгілі болғандай, жанжалға видеода ер адамдарды ажыратуға тырысқан әйелдің жақын адамдары, атап айтқанда ағасы мен күйеуі арасындағы дау түрткі болған.

Полиция қазіргі уақытта төбелескендердің бір-біріне қарсы қояр талаптары жоқ екенін, жағдай реттелгенін атап өтті.

Бұған дейін Алматы облысында төбелестен кейін қашып бара жатқан, қолында пышақ тәрізді зат бар ер адам видеоға түсіп қалған.  

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: