Салық төлеушілерге ҚҚС бойынша болжамды міндеттемелер - пилоттық жоба
Жобаның мақсаты салық төлеушіні салық кезеңіндегі ҚҚС бойынша болжамды салық міндеттемелері туралы алдын ала хабардар ету болып табылады.
Бұл ретте ҚҚС бойынша салық міндеттемелерінің болжамды есебі ҚҚС бойынша салық міндеттемелерінің нақты есебін алмастырмайды және тек ақпараттық сипатта болады.
Құжат "e-Тамға" арнайы ақпараттық сервисін пайдалана отырып, ҚҚС-тың автоматтандырылған есебін жүргізу және ҚҚС-тың баланстық сомасын есепке алу тәртібін айқындайды.
Пилоттық жобаға қатысушылар:
- мемлекеттік кірістер органдары;
- ҚҚС төлеуші;
- Оператор.
Пилоттық жобаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері айқындалған.
ҚҚС төлеуші құқылы:
- мемлекеттік кірістер органдарынан "e-Тамға" жүйесін қолдану бойынша түсіндірмелер алуға;
- мемлекеттік кірістер органдарынан есептеу бойынша ақпарат алуға;
- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою күніне және ҚҚС бойынша есептен шығару күніне тауарлардың қалдығы бойынша ҚҚС сомасы туралы мәліметтерді ұсынуға;
- есептеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру.
Есептеу бойынша ақпарат алу және тауарлардың қалдығы бойынша ҚҚС сомасы туралы мәліметтерді ұсыну мақсатында ҚҚС төлеуші ерікті негізде "e-Тамға" жүйесіне қол жеткізуді ұсыну жөніндегі пайдаланушы келісіміне электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою арқылы "e-Тамға" жүйесінде тіркеледі. "e-Тамға" жүйесінде тіркелген кезде ҚҚС төлеуші хабарламаларды, оның ішінде мобилді телефонның байланыс нөмірін алатын ақпараттық сервисі көрсетіледі.
Мемлекеттік кірістер органдары Оператордың деректерін салықтық әкімшілендіру барысында пайдалануға құқылы.
Мемлекеттік кірістер органдары:
- ҚҚС төлеушілерге Пилоттық жоба бойынша түсіндірмелер беруге;
- "ЭШФ" АЖ-да ҚҚС-тың баланстық сомасы туралы мәліметтерді орналастыруға міндетті.
Оператор:
- ҚҚС төлеушінің өтініші бойынша ҚҚС-ты есептеу мен баланстық сомасы бойынша салыстырып тексеруді ұсынуға;
- мемлекеттік кірістер органдарына "e-Тамға" жүйесінің деректерін ұсынуға;
- ҚҚС төлеушіге "e-Тамға" жүйесіне үздіксіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
- мемлекеттік кірістер органының қызметкерлерін "e-Тамға" жүйесінде автоматтандырылған жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;
- "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
ЭШФ, тауарларға арналған декларациялар, әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер және бюджетке төленетін төлемдер бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеттің және Министрліктің ақпараттық жүйелерімен ТАЖ ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы "e-Тамға" жүйесіне беріледі.
"e-Тамға" жүйесінде келіп түскен ақпаратты ескере отырып, ҚҚС балансы қалыптастырылады, ол "ЭШФ" АЖ-да және "e-Тамға" жүйесінің салық шотында көрсетіледі.
Оператор апта сайын әр дүйсенбіде ҚҚС төлеуші басшысының мобилді телефон нөміріне және Оператормен Пайдаланушы келісімі жасалған кезде ҚҚС төлеуші көрсеткен мобилді телефонның байланыс нөміріне ағымдағы күнге деректердің өзектілігімен өсу қорытындысы бар ҚҚС балансының сомасы туралы хабарлама жібереді.
Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі — 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда.
Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.