Мемлекеттік сатып алу үшін ҚҚС таңбаланған цифрлық теңге: пилоттық жоба басталады

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, цифровой тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2026 10:11 Фото: Zakon.kz
Қаржы министрі 2026 жылғы 22 қаңтардағы бұйрығымен мемлекеттік сатып алуға қатысушылар үшін қосылған құн салығын таңбалаумен цифрлық теңгені енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы мемлекеттік сатып алуға қатысушылар үшін қосылған құн салығын таңбалаумен цифрлық теңгені енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері цифрлық теңгені және таңбаланған қосылған құн салығын пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу саласында қосылған құн салығын әкімшілендірудің жаңа тетігін апробациялау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру тәртібін айқындайды.

Пилоттық жобаның мақсаты мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғалар үшін салықтық міндеттемелерді орындауды оңайлату және тиімділігін арттыру болып табылады.

Пилоттық жобаны іске асыру тапсырыс берушілер мен өнім берушілер арасындағы есеп айырысулардың ашықтығы мен қадағалануын қамтамасыз етуге, бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын арттыруға, салықтық тәуекелдерді азайтуға және жалған схемаларды қолдану мүмкіндіктерін шектеуге бағытталған.

Пилоттық жобаға қатысу ерікті болып табылады.

Пилоттық жобаның қатысушылары:

  • МКК;
  • Мемлекеттік кірістер органдары (МКО);
  • МҚК;
  • Ұлттық Банк;
  • "ҰТК" АҚ;
  • Пилоттық жобаға ерікті түрде қатысатын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ);
  • Пилоттық жобаға ерікті түрде қатысатын мемлекеттік сатып алулардың әлеуетті жеткізушілері (салық төлеушілер – Пилоттық жобаға қатысушылар);
  • Пилоттық жобаға ерікті түрде қатысатын есепке алу жүйелерін әзірлеушілер (есепке алу жүйелерін әзірлеушілер).

Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде:

  • Ұлттық Банк ЕДБ және МҚК өтінімдері бойынша қалыптастырылған "ҰТК" АҚ-ның тиісті өтініштері/тізілімі және төлем хабарламалары негізінде ЦТ-ні эмиссиялауды және өтеуді жүзеге асырады;
  • "ҰТК" АҚ:

- "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамы Басқармасының 2023 жылғы 30 қазандағы шешімімен (№1-хаттама) бекітілген Цифрлық теңге жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына (бұдан әрі – жұмыс істеу қағидалары) сәйкес ЦТЖ операторының функцияларын орындау шеңберінде ЦТЖ-нің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

- Пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде туындайтын мәселелер бойынша ЕДБ және МҚК-ға түсіндірме береді;

  • МҚК Пилоттық жобаға қатысушы-салық төлеушілердің қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша бюджетке төлемдерді қамтамасыз ету үшін ЦТЖ-де цифрлық шот ашуға арналған өтінім негізінде МКК цифрлық шотын ашады;
  • МКО:

- осы Пилоттық жобаны жүргізуге байланысты мәселелер бойынша түсіндірмелер береді;

- Пилоттық жобаны іске асыруға байланысты МКО-ның ақпараттық жүйелерінен ЦТЖ-не мәліметтерді береді;

- ЦТЖ-нен алынған салық төлеушілер-Пилоттық жобаға қатысушылар арасында жүргізілген төлемдер мен олардың бюджетке төленетін төлемдерінің деректерін өңдейді.

  • ЕДБ:

- ЦТЖ-де салық төлеуші-Пилоттық жобаға қатысушының цифрлық шотын ашады;

- Жұмыс істеу қағидаларына сәйкес ЦТЖ-нің операторына сұрау салу жолдау арқылы ЦТЖ-дегі салық төлеуші-Пилоттық жобаға қатысушының цифрлық шотын пайдалана отырып, ЦТ-де қабылдауды, аударымдарды және төлемдерді жүзеге асырады;

- ҚҚС бойынша салықтық міндеттемелер бойынша клиенттен бюджетке ЦТ-де аударымдарды жүзеге асырады;

- салық төлеушілер-Пилоттық жобаға қатысушы мен бюджетке төленетін төлемдер арасындағы төлемдер транзакциясын жүргізеді, қол қояды және валидациялауды жүзеге асырады;

- ЦТ-ні таңбалайды;

- клиенттің қолтаңбасын тексереді;

- ЦТ транзакциясының тарихын сақтайды;

  • салық төлеуші – Пилоттық жобаға қатысушы:

- ЕДБ арқылы ЦТЖ-де цифрлық шот ашады;

- мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша төлемді алғаннан кейін ақша қаражатын ЦТ-ге айырбастайды;

- ЦТ-ні пайдалана отырып, өнім берушілермен есеп айырысуды жүргізеді;

- ЦТ-ні пайдалана отырып, бюджетке ҚҚС төлеу бойынша міндеттемелерді орындайды.

  • есепке алу жүйелерін әзірлеушілер:

- пысықтауды, интеграциялауды және қателерді жоюды қоса алғанда, Пилоттық жоба бойынша есепке алу жүйелерін техникалық қолдау жүзеге асырады.

Пилоттық жобаға қатысуға салық төлеуші – Пилоттық жобаға қатысушының келісімі ЕДБ-ге ЦТЖ-де цифрлық шот ашу туралы өтінім беруі және тәртіппен ЦТ-мен төлемді растауы болып табылады.

Салық төлеуші-Пилоттық жобаға қатысушы ЦТЖ-де цифрлық шотты толықтыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша алынған ақша қаражаты есебінен ЦТ-ні сатып алады және бұл туралы сатып алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде МКК-ға жазбаша хабарлайды.

Салық төлеушілер-Пилоттық жобаға қатысушылар арасында сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша есеп айырысулар ЦТЖ-де цифрлық шоттарды пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

Пилоттық жоба 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде іске асырылуда.

Бұйрық 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: