Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар үшін ҚҚС таңбаланған цифрлық теңге енгізіледі

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, цифровой тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2025 09:21 Фото: Zakon.kz
Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларға қатысушылар үшін қосылған құн салығының (ҚҚС) таңбалауымен цифрлық теңгені енгізуге арналған пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның мақсаты – мемлекеттік сатып алуларға қатысатын тұлғалар үшін салықтық міндеттемелерді орындауды жеңілдету және оның тиімділігін арттыру.

Бұйрықты қабылдаудың нәтижесінде мемлекеттік сатып алуларға қатысушылар үшін ҚҚС таңбаланған цифрлық теңге енгізіледі.

Бұл жаңашылдық төмендегілерге мүмкіндік береді:

  • тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы есеп айырысулардың ашықтығы мен қадағаланушылығын қамтамасыз етуге,
  • бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақытылы орындалуын арттыруға,
  • салықтық тәуекелдерді төмендетуге,
  • жалған схемаларды қолдану мүмкіндігін шектеуге.

Нәтижесінде әзірлеушілер салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы сенім деңгейінің артуын күтеді.

Жоба 2025 жылдың 11 желтоқсанына дейін көпшілік талқылауы үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: