Автовокзалдарға, автостанцияларға және жолаушылар тасымалына қойылатын талаптар белгіленді

Автовокзал, автостанциялар, жолаушылар тасымалы, талаптар, норма, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2024 12:55 Сурет: gov.kz
Қазақстанда автовокзалдарға, автостанцияларға және жолаушылар тасымалына қойылатын талаптар белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Ұлттық стандарттарды бекітті:

  • ҚР СТ 2271-2020 "Сапаржайлардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері;
  • ҚР СТ 2272-2020 "Таксимен тасымалдау бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы талаптар";
  • ҚР СТ 2273-2020 "Тұрақты және тұрақты емес жолаушы тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы талаптар".

Стандарттарды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің бастамасымен "Қазақстан стандарттау және метрология институты" әзірледі.

ҚР СТ 2271-2024 "Сапаржайлардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері" ұлттық стандартына сәйкес:

  • автовокзалдар мен автостанциялар автомобиль тасымалдаушыларымен, оның ішінде автотасымалдаушылар Палатасының мүшелерімен шарт болған кезде автобустарды рейс алдындағы техникалық тексеруді ұйымдастыр тиіс.
  • автовокзалдарда автобус жүргізушілерінің экипаждарының ұзақ (түнгі) демалысын ұйымдастыруға арналған үй-жайлар болуы тиіс және т.б.

ҚР СТ 2272-2024 жаңа стандартқа сәйкес, "Таксимен тасымалдау бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы талаптар" автомобиль тасымалдаушылар палатасының ережелері мен стандарттар талаптарына сәйкес жабдықталған жеңіл сериялы автомобильдермен жүзеге асырылады. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін такси тасымалдарының қолжетімділігі, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арналған арнайы түрлендірілген автомобильдер, қажетті ахуалдық көмек көрсету, багажды тиеу және түсіру, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігін және жүріп-тұруын қамтамасыз етуге арналған жабдықтар және басқа да жағдайлар көрсетілген.

ҚР СТ 2273-2024 "Тұрақты және тұрақты емес жолаушы тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы талаптар" тасымалдаушыға, сондай-ақ көлік құралын дайындаушының техникалық құжаттамасының талаптарына, "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне және ҚР СТ 41.36, ҚР СТ 41.52 ұлттық стандарттарына сәйкес келетін автобустарға қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысымен жинақталады.

Бұл өзгерістер Қазақстандағы жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін жоғары деңгейдегі жайлылық пен қауіпсіздікті қалыптастыруға бағытталған.

Бұған дейін Алматыдағы "Сайран" автовокзалы коммуналдық меншікке қайтарылуы мүмкін екені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: