Қазақстанда ғылыми мақсатта 10 каспий лососьі ауланады

Рыба, рыболовство, рыбный отдел, магазин, продукты питания , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2024 13:30 Фото: Zakon.kz
Үкімет сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерін ғылыми мақсатта аулау туралы 2024 жылғы 25 желтоқсандағы қаулыны бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Маңғыстау облысы шегінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясынан 13 килограмм көлемінде 2024 жылғы 26 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығында мекендеу ортасынан шығара отырып, ғылыми мақсатта арнайы құрылған жағдайларда өсіру үшін Каспий лососьін алуға рұқсат етілсін", - делінген құжат мәтінінде.

Каспий лососьінің бір килограммын аулағаны үшін төлемақы ставкалары 0,017 АЕК (2024 жылы 623 теңге) мөлшерінде белгіленген.

Ауыл шаруашылығы министрлігі балық аулау ғылыми зерттеу және одан әрі жасанды өсіру үшін жүргізілетінін түсіндірді. 

Мұндай шара Қазақстанда сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерді сақтау үшін қажет.

Қаулы 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: