Толғағы қысқан әйел, бөгде затты жұтып қойған бала: Полицейлер мұқтаж жандарға көмектесті

Полицейлер, Ұлытау облысы, көмектесу, ауруханаға жеткізу, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 19:10 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Ұлытау облысында және Оралда автокөлік жүргізушілері ауруханаға тез жету үшін жол полицейлері көмегіне жүгінген. Бірінде көлік ішінде толғағы қысқан келіншек болса, екіншісінде бөгде затты жұтып қойған кішкентай бала болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлытау облысында полицейлерге ер адам көлікте толғақ қысқан әйел бар екенін айтып, перзентханаға жылдам жетуіне көмектесуді сұраған.

Патрульдік полиция инспекторлары Ералы Сағынтаев пен Әділет Өмірзақов жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, Жезді елдімекенінен Жезқазған қаласындағы перзентханаға дейін автокөлікті ертіп, жол бастап барды.

Сонымен қатар Орал патрульдік полиция қызметкерлері Даурен Сисенғалиев пен Қуаныш Қайырболатов Атырау - Орал тасжолында Chevrolet Niva автокөлігін сүйемелдеп, Орал қаласының балалар ауруханасына жеткізді. Көліктің ішінде 1,5 жасар бала болған, ол абайсызда бөгде затты жұтып қойған.

Полицейлер, Орал, көмектесу, жүргізуші, 1,5 жасар бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 19:10

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Қостанайда ойыншық тапашамен қарақшылық шабуыл жасаған дәрігерді тонаған оның ерегескен танысы болып шыққанын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: