Павлодар облысында желі арқылы қосымша табыс тапқан мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды

Маркетплейст, Павлодар облысы, мемлекеттік қызметкер, жұмыстан босату, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2025 11:56 Сурет: pxhere
Павлодар облысы Май ауданында маркетплейст арқылы табыс тапқан мемлекеттік қызметкер жазаға тарытлды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"35 жастағы әйел өзгелерге шетелдегі онлайн дүкендерден тапсырыс қалай жасау керектігін үйреткен және оны өзінің парақшасында жарнамалаған. Ол мемлекеттік қызметте бір жыл жұмыс істеген. Сол уақыт аралығында кәсіпкерлікке бет бұрған. Нәтижесінде мемлекеттік қызметші теріс себептермен атқарып отырған мемлекеттік лауазымынан босатылды", деп хабарлайды Pavlodarnews.kz мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірдегі департаментіне сілтеме жасап.

Департамент жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Май аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы тарапынан ҚР заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамау фактісін анықтады. 


"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 13-бабы 1-тармағының 2-тармақшасында мемлекеттік қызметшінің педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға құқығы жоқ екені жазылған", – дейді департаменттегілер.

Осыған қарамастан, департамент жоспардан тыс тексеру барысында инспекцияның бас маманы әлеуметтік желілерде басқа елдерден тауарларды жеткізу мәселесі бойынша білім беру қызметтерін көрсету бойынша жарнама орналастырғанын анықтады.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: