Аурухана парағын беру электрондық форматқа ауыстырылуы мүмкін

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, система здравоохранения, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2025 15:10 Фото: freepik
Денсаулық сақтау министрлігі еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру қағидаларына өзгерістер енгізілетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат қағаз құжаттарды пайдалануды оңтайландыру және азайту мақсатында аурухана парақтарын және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы электрондық форматқа көшіруді көздейді.

Қазіргі таңда "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызметі электронды түрде де, қағаз түрінде де көрсетіледі.

Министрліктің дерегінше, бұл өзгерістердің негізгі мақсаты азаматтардың медициналық мекемелермен және билік органдарымен өзара іс-қимылын жеңілдету, сондай-ақ медициналық қызметтердің ыңғайлылығы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Құжат 3 ақпанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: