Жамбыл облысында "диплом сатып алып беретін" алаяқ әйел сотталды

Пара, Жамбыл облысы, Талас, диплом сату, алаяқтық, әйел , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2025 18:50 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының Талас аудандық соты 20 қаңтарда бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 1966 жылы туылған сотталушы 2021 жылдың қыркүйек айында оңай жолмен пайда табу мақсатында Талас ауданы Бостандық ауылының тұрғыны жәбірленуші Ш-ны Шымкент қаласындағы университеттің магистратурасына түсіріп, диплом алып беремін деп сендірген. Оған жәбірленуші жалпы 1,2 млн теңге ақша берген. 2022 жылдың қыркүйек айында сотталушы Қаратау қаласының тұрғынынан да осындай уәде арқылы жалпы 895 мың теңге қаражатын алған.

Кейін жәбірленушілер өздірінің университеттен ақы төлемегендіктен шығарылғандарын біліп, полицияға шағымданған.

Сотта сотталушы Д. кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Жәбірленушілер бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушының кінәсі тараптардың айғақтарымен және басқа іс материалдарымен дәлелденді.

Сот шын жүректен өкінуді, кінәсін мойындауды және залады толық өтеуді жеңілдететін мән-жайлар ретінде анықтады. Сот үкімімен сотталушы Д. кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: