ІІМ Алматыдағы ірі бизнес орталықтардың бірінде жүргізілген операцияға қатысты тың мәліметтер ұсынды

Арнайы операция, Алматы, ірі бизнес орталық, алаяқтық, call-орталық, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2025 13:50 Сурет: polisia.kz
2025 жылы 25 қаңтарда Алматының ірі бизнес-орталықтарының бірінде алаяқтардың call-орталықты жою жөніндегі операцияға қатысты ҚР Ішкі істер министрлігі егжей-тегжейлі мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Ресей азаматы бастаған "қоңырау шалғыш" алаяқтар Алматыда ірі бизнес орталықта отырғаны хабарланған.

"Алматыда полиция қызметкерлері сall-орталықты жойды. Күдіктілер көрші мемлекеттің азаматтарын криптовалюта мен қор нарығына инвестиция салуға шақырып, алдаумен айналысқан. 24 күдікті ұсталды, олардың бесеуі шетелдік азаматтар. Кеңседе 55 компьютер, 6 ноутбук, 30 ұялы телефон, көрші мемлекет азаматтарының деректері, әртүрлі нұсқаулар жазылған блокноттар табылып, тәркіленді". ҚР Ішкі істер министрлігі

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қаныш Ашжанов атап өткендей, сall-орталық жұмысшыларының міндетіне крипто-инвестиция салғысы келетін адамдарды іздеп,  оларды алдап-арбаумен айналысу кірген.

"Ауыспалы нөмірлер арқылы жәбірленушілермен байланыс орнатылып, кейін оларға фишингтік сайттарға сілтемелер жіберілген. Осылайша адамдар туралы дербес деректер жиналған. Одан соң алаяқтардың ықпалымен азаматтар өз қаражаттарын крипто-әмияндарға жіберген".Қаныш Ашжанов

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: