Алматыдағы ең ірі моншалардың бірінде бу бөлмесі өртенді
Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 17 қыркүйек 2025 жылы, Алматыдағы ең ірі моншалардың бірінде бу бөлмесіндегі түтін салдарынан келушілер әбігерге түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Моншада болғандардың барлығына эвакуация жүргізілген. Көршілер монша айналасында адам көп жиналғанын айтады.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына 34 маман және 11 техника жіберілген.
"Өрт сөндірушілер бірінші қабаттағы бу бөлмесінде 10 м² аумақты өрттен тазартты", – делінген хабарламада.
Өрт жарты сағатта сөндірілген.
"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп толықтырды ТЖД.
Айта кетейік, осы уақытта Алатаудағы қалдық полигонында болған өртке байланысты да төтенше жағдай жарияланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript