Белгілі журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

 Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2025 16:23 Сурет: Instagram/danapartner_
Бүгін, 2025 жылғы 25 қаңтарда әлеуметтік желіде қазақстандық продюсер, қоғам қайраткері, журналист және жазушы Дана Орманбаевтаға халықаралық іздеу жариялағаны туралы ақпарат пайда болды. Алматы қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік астананың ПД тергеу басқармасымен Орманбаеваға қатысты "ұлтаралық алауыздықты өршіту фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын" атап өтті.

"Сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен қатар, күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды". Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Дубайда тұрып жатқан Орманбаева өзіне салынған халықаралық іздеуге қатысты пікір білдірді.

"Достар, маған іздеу жарияланғаны туралы ақпаратты көріп, бірден оған қатысты пікір білдіріп жатқандарыңыз үшін, хабарламаларыңыз бен қолдауларыңыз үшін, шалған қоңырауларыңыз үшін рақмет", – деп жазды Дана Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін Орманбаевамен продюсер Баян Алагөзова соттасып, арадағы дауға 2024 жылдың 4 желтоқсанында нүкте қойылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: