Ақтөбеде ер адам ұрыларға туысының пәтерін тонауға көмектескен

Қаңтар айының басында Ақтөбедегі пәтерден ірі көлемде ақша ұрланды. Күдіктілер пәтерге пластикалық терезе арқылы кіріп, 10 млн теңгені қолды қылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеп-тексеру барысында ұрыларға жәбірленушінің туысы көмек көрсеткені анықталды. Ол күдіктілерге туысының пәтерінде қолма қол ақша бар екенін айтқан. Ұрланған ақшаны күдіктілер өз қажеттіліктеріне жұмсаған, несиелерін төлеп, ойын-сауық орындарына барған", делінген ҚР ІІМ-нің 2025 жылғы 27 қаңтардағы хабарламасында.
Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін прокурорлар сотта "Дикий Арманды" халық қаһарманы, патриот ретінде көрсетуге тырысқанын айтқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript