Елімізде орманды қорғау бойынша жаңа кәсіпорын құрылуда

Природа, природа Казахстана, Казахстан, туризм, туризм в Казахстане, ВКО, Восточно-Казахстанская область, зима, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2025 15:33 Фото: pexels
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Жасыл белдеу" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Үкімет қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Жасыл белдеу" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын", – делінген құжатта.

Сондай-ақ, жобада мемлекеттік орман қорының жер учаскелері "Жасыл Аймақ" РМК балансынан тұрақты жер пайдалану құқығындағы жалпы ауданы 87 585,33 гектар жаңа мекеменің балансына берілетін болады делінген.

Министрліктің мәліметінше, "Жасыл Аймақ" РМК 2000 жылы құрылды. Ол ведомствоға мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін тұрақты жер пайдалану құқығымен берілген.

24 жыл ішінде "Жасыл Аймақ" РМК жалпы ауданы 87 612 гектар орман екпелерін отырғызды.

ҚР Азаматтық кодексінің 103-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР заңының 147-бабына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін қаражат жеткіліксіз болған кезде мемлекеттік орман қорының жер учаскелерінен айырылуы мүмкін.

Құжат 10 ақпанға дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: