Ақтөбе облысында халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Ұсталды, Ақтөбе облысы, Өзбекстан азаматы, халықаралық іздеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2025 13:24 Сурет: polisia.kz
Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат Ақтөбе облысында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысындағы "Жайсан" теміржол өткізу пунктінде Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросымен есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды.


"2013 жылы күдікті басқа адамдармен бірге есірткі заттарын жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырған. Молдоваға кірер кезде одан 46 грамм героин табылған", делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: