Шымбұлақтағы төбелес. Алматы қалалық полициясы түсініктеме берді

Шымбұлақ, төбелес, Алматы, полиция, түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 17:21 Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы "Шымбұлақ" тау-шаңғы демалыс орнында курорт қызметкерлері мен демалушылар арасында төбелес болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Видеода қызметтік формадағы ер адам екіншісін ұрады, содан кейін оған бірнеше адам жабыла кетеді.

"Шымбұлақ" әкімшілігі бұл оқиғаның 2025 жылдың 1 ақпанында болғанын нақтылады.

"Мас бір топ шетелдік қонақ тау шаңғысы мектебінің қызметкерлерімен жанжалдасқан. Курорттың қауіпсіздік қызметі оқыс оқиғаның жолын кесті. Құқық бұзушылар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне табысталды. Оқиғаға байланысты дереу ішкі тексеру жүргізілді, сондай-ақ белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қажетті шаралар қабылданды", делінген ТШК хабарламасында.

Сондай-ақ олар бұл оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап берді. Сөйтсе шу тау шаңғысы мектебінің кассирі орнында жоқ болуынан басталған. Қонақтардың бірі тағатсыздық танытып, наразылық білдіре бастайды. Нәтижесінде ашулы мектеп қызметкері мен қонақ арасында күш қолдану түрінде қақтығыс болған. Оқиға орнына курорттың нұсқаушылары келіп, жанжалдасушы тараптарды ажыратты. Бірақ біраз уақыттан кейін сыбаудың арты тағы да төбелеске ұласқан.

Алматы қалалық полициясы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Бұзақылық фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Осы қылмысты жасады деген күдікпен бес адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Объективті жағдайлар анықталуда", - деді қаланың ПД баспасөз қызметі.

26 қаңтарда Алматыда "Гүлдер" саябағындағы мұз айдынында жасөспірімдер қыз баланы соққыға жыққан. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: