Хромтауда автотұрақ қызметкері кемпинг әкімшісін өлтірген

Со үкімі, Ақтөбе, Хромтау, автотұрақ қызметкері, кемпингтің әкімшісі, өлтіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 18:20 Сурет: Zakon.kz
Хромтауда аудандық прокуратураның үйлестіруімен адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеп-тексеру үш күнде аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының хабарлауынша, 2024 жылы 8 желтоқсанда Хромтау қаласында автотұрақ қызметкері кемпингтің әкімшісіне өткір затпен соққы жасап, салдарынан соңғысы жан тапсырған. 

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 99-бабының 1-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, процесс прокуроры тағайындалды. 2024 жылы 10 желтоқсанда аудан прокуратурасымен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды", делінген ведомство хабарламасында.

2025 жылы 16 қаңтарда сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, аса ауыр дәрежедегі қылмысты жасағаны үшін 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ал Оралда тәртіп сақшылары 25 жыл бұрын жасалған ауыр қылмыстың бетін ашты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: