Елордада ірі есірткі зертханасы анықталды
Фото: Zakon.kz
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша үш адам сотқа берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот тергеуі барысында сотталушының темір контейнерді жалға алғаны анықталды. Осыдан кейін ол қала сыртында құны 2 млн теңге жер телімін сатып алып, аталған контейнерді психотроптық заттарды шығаратын зертхана ретінде жабдықтап, орналастырған.
Кінәлі тұлға қылмыстық әрекетке екі сыбайласын тартқан.
"Тергеу барысында астыртын зертханадан алынған 24 кг астам психотроптық заттар жойылды." Астана қаласының прокуратурасы
Нәтижесінде сот елорданың үш тұрғынын аса ірі көлемде психотроптық заттардың аналогын сату мақсатында заңсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылдан 11 жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript