Қазақстанда түзеу колонияларына барудың жаңа ережелері әзірленді

Мәселен, мекемеге баруға рұқсат берудің негізі арнайы рұқсат пен рұқсаттама болып табылады.
Арнайы рұқсатсыз мекемелерге баруға құқылы:
- Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, сондай-ақ тиісті әкімшілік бірліктер шегіндегі республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері;
- Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;
- нақты істер бойынша іс жүргізу барысында судьялар;
- қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының қызметкерлері;
- Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы өкілі;
- көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруына байланысты ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары;
- Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баруға құқылы.
Мекемелерге бару, көлік құралдарының кіруіне және олардың режимдік объектілерде болуы түскі үзіліс уақытын қоспағанда жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Жұмыс уақытынан тыс уақытта, сондай-ақ демалыс және мереке күндері мекеме объектілерінде уақытша жұмысты орындайтын адамдардың режимдік объектілерге кіруі (болуы), сондай-ақ көлік құралдарының кіруі (болуы) мекеменің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік талаптары мен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын сақтай отырып, дәлелді өтініш негізінде берілген мекеме бастығының не оны алмастыратын адамның жазбаша рұқсаты бойынша ғана жүзеге асырылады.
Келушілердің мекемеге (мекемеден) кіруі (шығуы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекеме бастығы не оны алмастыратын адам қол қойған біржолғы рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады.
Мекемеге кіруге рұқсат алған келушілерге біржолғы рұқсаттама беріледі. Мекемеге бір мақсатпен келген адамдар тобына біржолғы бір жолдама беріледі, ол топ басшысына онымен бірге жүретін адамдардың санын және жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге тізімді қоса бере отырып ресімделеді.
Мекеменің аумағына материалдық құралдарды кіргізу (шығару), әкелу (әкету) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекеме бастығы не оны алмастыратын адам қол қойған материалдық рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады.
Материалдық рұқсаттама мекеменің күзетілетін аумағына (аумағынан) материалдық құралдарды кіргізу (шығару) үшін ресімделеді.
Мекеменің күзетілетін аумағына (аумағынан) көлік құралдарының кіруі (шығуы) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекеме бастығы не оны алмастыратын адам қол қойған көлік рұқсаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Көлік рұқсаттамасы мекеме аумағына кіру және КБӨП арқылы жүкті әкелу (әкету) үшін көлік құралдарына ресімделеді.
Мекеме бастығы не оны алмастыратын адам қол қоятын уақытша рұқсаттама мекеме объектілерінде уақытша жұмысты орындайтын, оның ішінде өндірістік қызметті жүзеге асыратын азаматтарға, сондай-ақ мекемеге іссапарға жіберілген қызметкерлерге және осы мекемеде жауынгерлік қызметті орындау үшін Ұлттық ұлан бөлімшесіне іссапарға жіберілген әскери қызметшілерге немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз етуге ресімделеді.
Келушілердің жеке басын куәландыратын құжатты, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қызметтік куәлігін, адвокат куәлігін тексергеннен кейін, біржолғы рұқсаттама берілгеннен және келуші тиісті журналда тіркелгеннен кейін ғана мекемеге кіруіне рұқсат беріледі.
Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мекеменің аумағы бойынша келушілердің қозғалысы мекеме қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілердің сүйемелдеуімен қатаң жүзеге асырылады. \
Кездесуге келген адамдарды қоспағанда мекеменің күзетілетін аумағына әйел жынысты адамдардың кіруіне киімнің іскерлік стилін сақтай отырып жол беріледі.
Құжатта сонымен қатар адвокаттардың колонияға бару нормалары жазылған.
Осылайша, адвокаттар мекемеге жіберіледі:
- сотталған адамға заң көмегін көрсету үшін сотталған адамның жазбаша немесе ауызша өтініші бойынша адвокат куәлігін көрсетіп, арнайы рұқсат алғаннан кейін адвокаттың мекемеге кіруі;
- күдіктіге немесе айыпталушыға заң көмегін көрсету үшін адвокат адвокат куәлігін және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделген нақты істі жүргізуге өзінің өкілеттігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны ұсынуы;
- күдіктіге немесе айыпталушыға заң көмегін көрсетуге уәкілетті өзге тұлға заң көмегін көрсету құқығын растайтын құжатты (соттың, тергеушінің немесе анықтаушының қаулысы) ұсыну.
Адвокатты өткізу үшін адвокаттың деректерін Республикалық адвокаттар алқасының сайтында көрсетілген тізіммен қосымша салыстыру жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарт негізінде өз қызметін жүзеге асыратын және өзімен бірге жеке басын, адвокат мәртебесін және заң көмегін көрсетуге өкілеттігін куәландыратын құжаттары бар шетелдік адвокат ҚАЖ комитетінің арнайы рұқсатын алғаннан кейін мекемеге барады.
Шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің ресми өкілдерінің, олар өкілдік ететін мемлекеттің күдіктісіне немесе айыпталушысына келуі қылмыстық процесті жүргізетін органның шешімін ұсыну бойынша жүзеге асырылады.
Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауіпсіздігі мен күзетін қамтамасыз ететін объектілердің кино -, фото - және бейнетүсіру жүргізу мекеме бастығының не оны алмастыратын адамның жазбаша рұқсатымен бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілдері жүзеге асырады.
ҚАК 32-бабына сәйкес сотталғандарды кино-, фото- және бейнетүсiру, олармен сұхбат жүргiзу, оның iшiнде аудио-, бейнетехника құралдарын пайдалана отырып жүргiзу олардың келiсiмiмен жүзеге асырылады.
Мекеме аумағына қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, ішкі істер органдарының тергеу-жедел тобы қызметкерлерінің қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыруына байланысты аудио-, фото -, бейнебақылау және тіркеудің техникалық құралдарын алып келуі мекеме бастығының не оны алмастыратын адамның жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, құжатта мекемеге (мекемеден) кіретін (шығатын) адамдарды, кіргізілетін (шығарылатын) көлік және материалдық құралдарды тексеріп қарауды жүргізу тәртібі айқындалған.
Құжат 20 ақпанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.