ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін жерлеу кезіндегі құрмет көрсету қағидалары өзгерді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін жерлеу кезіндегі құрмет көрсету қағидалары өзгерді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 13:15 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы 2025 жылғы 7 ақпандағы бұйрықпен ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ережелерге жерлеу кезінде құрметке ие болатын ҰҚК қызметкерлерінің жаңа санаты қосылды:

  • Қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін, денсаулық жағдайына байланысты немесе штаттардың қысқартылуына байланысты қызметтен шығарылған, қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес жыл немесе одан да көп болатын адамдарға, сондай-ақ қызметінің жалпы ұзақтығына қарамастан, терроризмге қарсы операцияларға қатысушыларға.

Еске салайық, сондай-ақ, келесі қызметкерлерге де құрмет көрсетіледі:

  • Қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақат алу, контузия), сонымен қатар ауруы салдарынан қайтыс болғандар;
  • Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметiнiң жалпы ұзақтығына қарамастан, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына және бітімгершілік операцияларға қатысушыларға.

Құрмет көрсету үшін уәкілетті басшының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен құрметті эскорт тағайындалады, ол мыналардан тұрады:

  • құрметті қарауыл;
  • мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығару және қабiрге түсiруге арналған топ;
  • қаза тапқан (қайтыс болған) адамның, бар болған жағдайда, ордендері мен медальдерін алып жүруге арналған топ.

Қажет болған кезде құрметті қарауыл құрамынан жұпты сақшылар мен тысы жоқ және қаралы лентасы бар Мемлекеттік Тумен немесе ҰҚО туымен ту ұстаушылар қойылады.

Бұйрықта құрметті эскорттың құрамы, киім нысаны, қаруы және жетекшісі, сондай-ақ көлік құралдары (қажет болған кезде) көрсетіледі.

Құрметті эскорттың киім нысаны – салтанатты. Жылдың суық мезгілінде далалық киім нысанын киюге рұқсат етіледі.

Құрметті қарауылға салют ату үшін бос патрондар беріледі, оларды алу және есептен шығару ҰҚО нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Наградталған және қайтыс болғаннан кейiн наградталған қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерлердің ордендерi, медальдары, құрметтi атақтарына кеуде белгiлерi, сондай-ақ оларды наградтау туралы құжаттар естелiк ретiнде сақтау үшiн отбасына қалдырылады.

Қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің мұрагерлерімен келісілген жағдайда оның наградалары және наградтау туралы құжаттары сақтау және экспонаттау үшін музейлерге берiледi.

Егер қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлері болмаса, оның мемлекеттік наградалары (бар болған жағдайда) және наградтау туралы құжаттары ҚР Заңының 39-бабына сәйкес қайтарылады.

Бұйрық 2025 жылғы 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: