Емханаларда медициналық көмек көрсету: не өзгерді

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2026 15:15 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 16 шілдедегі бұйрықпен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мамандандырылған медициналық көмек медициналық көмектің екінші және үшінші деңгейлерінде амбулаториялық жағдайда консультациялық-диагностикалық көмек (КДК), стационарды алмастыратын және стационарлық көмек түрінде көрсетілетіні айтылған:

  • денсаулық сақтау ұйымдарында;
  • бару орны бойынша, үйде, оның ішінде мобильді бригадалар арқылы;
  • жылжымалы медициналық кешендерде, медициналық пойыздарда;
  • травматологиялық пункттерде;
  • білім беру ұйымдарында;
  • тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде.

Сондай-ақ амбулаториялық жағдайда аспаптық және диагностикалық зерттеу әдістерін жүргізу кезінде дәрігерлік шешім қабылдауды қолдау мақсатында цифрлық технологиялар да қолданылатыны көрсетілген.

Амбулаториялық жағдайда ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде мамандандырылған медициналық көмек:

  • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша аурулардың алдын алу және диагностикалау қызметтерін көрсету кезінде жүзеге асырылады.

Ал МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі шеңберінде амбулаториялық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмекке, оның ішінде:

  • тұқым қуалайтын туа біткен кемістіктер мен даму ауытқуларын ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер кіреді.

Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмектің жекелеген түрлері бойынша қызметтер:

  • ТМККК шеңберінде әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесіне сәйкес;
  • МӘМС жүйесінде динамикалық бақылауға жататын аурулар кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесіне сәйкес;
  • ТМККК шеңберінде әлеуметтік мәні бар ауруларға күдік болған кезде көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесіне сәйкес;
  • МӘМС жүйесінде созылмалы аурулардың салдарлары кезінде физикалық медицина және оңалту бойынша медициналық қызметтер тізбесіне сәйкес;
  • ТМККК шеңберінде амбулаториялық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек қызметтерінің тізбесіне сәйкес көрсетіледі.

Мамандандырылған медициналық көмек қызметтері осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету уақытының нормативтері бойынша, қаралу деректерімен, ал болған жағдайда зертханалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелерімен расталған аяқталған жағдай шеңберінде көрсетіледі және МСО-да мынадай нәтижелермен тіркеледі:

  • дені сау – шағымдар мен патология болмаған жағдайда;
  • сауығу – пациент толық айығып, әрі қарай тексеру мен емдеуді қажет етпеген жағдайда;
  • жақсаруы – пациенттің жағдайында оң динамика болған жағдайда;
  • өзгеріссіз – пациенттің жағдайы тұрақты болып, нашарлау немесе жақсару белгілері болмаған жағдайда;
  • нашарлауы – пациенттің жағдайында теріс динамика болған жағдайда;
  • қайтыс болуы – өлім жағдайы орын алған кезде.

Егер мамандандырылған көмек көрсету кезінде жағдай аяқталмаса, МСО-да нәтиже ретінде "ауыруын жалғастыруда" деген белгі енгізіледі.

Медициналық қызметтердің тізбесін сақтандыру ұйымы сақтанушының (сақтандырылған адамның) келісімімен белгілейді.

Сондай-ақ бір аяқталған жағдай шеңберінде көрсетілімдер болған кезде бастапқы, екінші немесе үшінші деңгейдегі бейінді маман қосымша консультациялық-диагностикалық қызметтерге, оның ішінде үш түрлі бейіндегі маманның консультацияларына дейін жолдама ресімдейді және бұл деректер міндетті түрде МСО-ға енгізіледі.

Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) мамандарының жолдамасынсыз бейінді маманның қабылдауына жазылу мына жағдайларда жүзеге асырылады:

  • пациент медициналық ұйымның тіркеу бөліміне жеке жүгіну, медициналық ұйымның call-орталығына телефон арқылы хабарласу немесе МСО мобильді қосымшалары арқылы дәрігердің немесе медициналық мейіргердің қабылдауына жазылған кезде. Жазба МСО-дағы "Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу" және "Медициналық мейіргердің қабылдауына алдын ала жазылу" бөлімдеріне енгізіледі. Онда дәрігердің қабылдау кестесіне сәйкес бос уақыт пен қабылдау күні көрсетілген жауап беріледі. Пациентке қабылдау күні мен уақыты туралы хабарлама телефон байланысы, электрондық пошта немесе SMS-хабарлама арқылы жіберіледі;
  • пациент "электрондық үкімет" порталы арқылы "Дәрігердің қабылдауына жазылу" немесе "Медициналық мейіргердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызметін алу туралы сұрау жіберген кезде. Бұл жағдайда хабарлама "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде келеді.

ТМККК немесе МӘМС жүйесі шеңберінде амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілері бейінді мамандардың қабылдау кестесін МСО-ға кемінде 60 күнтізбелік күнге ашық күнмен енгізуге және қабылдау кестесі өзгерген жағдайда деректерді өзектендіріп отыруға міндетті.

Бейінді маман МСО-да аяқталған жағдайды тіркейді, оған диагностиканың нәтижелерін сипаттау, қорытынды диагноз және пациенттің жеке емдеу жоспары енгізіледі. Жеке емдеу жоспарына түзетулер бейінді маманның көпбейінді дәрігерлік топпен келісуі арқылы енгізіледі.

Сондай-ақ техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда медициналық құжаттама қағаз түрінде ресімделіп, кейіннен бір күнтізбелік айдан кешіктірілмей МСО-ға енгізілетіні көзделген.

Бұйрық 2026 жылғы 3 тамыздан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: