Қазақстанда ірі ақшамен байланысты істердің беті ашылып, күдіктілер ұсталды

Ұсталды, Алматы, Маңғыстау облысы, Қарағанды, қаржы, халықаралық іздеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2025 10:06 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі халықаралық және мемлекетаралық іздеуде болған бірнеше күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. 2023 жылдың қараша айында кәсіпкерлік қызметтің атын жамылған қаскүнем жәбірленушіге тендерге қатысса, жақсы пайда табатынын уәде етіп, 76 млн теңгеден астам қаражат пен Lexus 570 автокөлігін иемденіп алған.

Маңғыстау облысының "Бейнеу" теміржол станциясында көрші мемлекеттің азаматы ұсталды. Ол ұрлық жасағаны үшін полициямен іздеуде жүрген. Өткен жылы ер адам Атырауда топпен бірге базар қоймасынан 19 млн теңгеге тауар ұрлап кеткен.

Қарағандыда мемлекетаралық іздеуде жүрген адам ұсталды. Ол басқа біреудің мүлкін иемденіп, талан-таражға салды деп күдікке ілінген. Қаскөй Шымкенттегі ломбардтардың бірінің филиалының директоры бола тұра, өз сыбайластарымен бірге ЖШС-ға тиесілі 1 млрд теңге қаражатты иемденіп, талан-таражға салған.

Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетсек, 2025 жылы 13 ақпанда Алматы облысында ақша бопсалау және тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: