Таразда тергеуші құжаттарды қолдан жасап, оны базаға тіркеген

Сотта полиция тергеушісі болып жұмыс істей жүріп, сотқа дейінгі тергеу жүргізбей, қылмыс құрамның болмауына байланысты деген желеумен қылмыстық істі тоқтатқаны анықталды. Нақтырақ айтқанда, ол жәбірленушінің атынан күдіктімен татуласуға байланысты істі тоқтату туралы арызды өзі дайындап, оған қол қойған. Сонымен қатар, жәбірленуші мен куәгер арасында қорғау құқығы бар бетпе-бет ставка хаттамасын, істі тоқтату себептерін түсіндіру туралы хаттаманы жасап, оларға жәбірленушінің, куәның және адвокаттың атынан қол қояды. Сөйтіп жалған құжаттарды электронды базаға енгізіп, тіркеген.
Прокурор сотталушыға 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші сотталушыдан 400 мың теңге сомасында материалдық залалдың және 300 мың теңге моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алуды сұрады.
Сот жазаны тағайындау кезінде кінәні мойындауды, шын жүректен өкінуді және жас балалардың болуын жеңілдететін жағдайлар деп тапты. Қоғамдық қауіптіліктің сипаты мен дәрежесін, жасалған қылмысты ескере отырып, сотталушыға 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруына тыйым салынды және полицияның "аға лейтенанты" арнайы атағынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бұған дейін Алматыда адамдарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталғаны хабарланған.