Қазақстанда әскерге шақырылушыларды есепке алу ережесі жаңартылды

Новобранец, новобранцы, солдат, солдаты, военнообязанный, военнообязанные, призыв на срочную воинскую службу, срочная военная служба, армия, военная присяга, принести военную присягу, присяга, торжественная церемония приведения к военной присяге, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 14:20 Фото: Дмитрий Дегтярев
ҚР Қорғаныс министрі 2025 жылғы 19 ақпандағы бұйрықпен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, жаңа редакцияда ережелердің бірнеше тармақтары көрсетілген.

Мәселен, жыл сайын қаңтар – наурызда тіркеу жылында 17 жасқа толатын ер азаматтар әскерге шақыру учаскесіне тіркеледі.

Тіркеуді жергілікті атқарушы орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сымен бірлесіп, азаматтарды әскери есепке қабылдау, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау,білім деңгейін, алған мамандығы мен дене шынықтыру дайындығы деңгейін белгілеу мақсатында ұйымдастырады және жүргізеді.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы деректер негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО әскерге шақыру ресурсын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының түрлері мен әскер тектері бойынша алдын ала бөледі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында әскери-техникалық және өзге де мамандық бойынша оқыту үшін кандидаттарды алдын ала және әскери, арнайы оқу орнына оқуға түсуге ниет білдірген адамдарды іріктейді.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді олардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО жүргізеді.

Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында ақылы негізде әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша әскери-техникалық және өзге де мамандық бойынша білім алған әскерге шақырылушылар тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына әскери міндеттілердің әскери есебіне беріледі.

Министрліктің мамандандырылған ұйымы нысан бойынша даярлықтың толық курсынан өткен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың атаулы тізімін және мамандандырылған білім беру ұйымының мөрімен куәландырылған әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат көшірмесін оқу аяқталған сәттен бастап 3 күннен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына жібереді.

  • Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сында әскерге шақырылушылардың атаулы тізімін және сертификат көшірмесін алған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
  • әскерге шақырылушының есепке алу картасының 5-бөлімінде әскери міндеттілердің есебіне беру туралы белгі қойылады;
  • әскерге шақырылушылардың жеке ісі аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО-сының бастығы бекіткен акт бойынша 7 жұмыс күнінен кешіктірілмей әскери міндеттілерді есепке алу бөлімшесіне беріледі;
  • есептік-әліпбилік кітаптың 8-бағанында запасқа алу немесе әскери есептен шығару үшін әскерге шақырылушылардың жеке ісін беру актісінің күні мен тіркеу нөмірі көрсетіледі;
  • аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО-сы бастығының "қатардағы жауынгер" әскери атағын беру туралы бұйрығы шығарылады;
  • ҚР ҚМ АЖ-ның электрондық есепке алу карточкасы толтырылады;
  • әскери міндеттілердің есебіне қабылданған әскерге шақырылушылардың есепке алу картасы сақтауға мұрағатқа беріледі;
  • есептік-әліпбилік кітаптың 9-бағанында әскерге шақырылушының есепке алу картасының сақталатын орны туралы белгі қойылады.

Запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен азаматтар тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына запастағы офицерлер мен сержанттардың әскери есебіне беріледі.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен және оқуды бітіру емтиханын тапсырған азаматтарға:

  • нысан бойынша запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлықтан өткен азаматтардың атаулы тізімін жасайды және мынадай негізгі құжаттарды қамтитын офицердің жеке ісін қалыптастырады: қызметтік карта, нөмір бойынша есепке алу карточкасы, жетон, аттестаттау парағы, офицер атағын беруге ұсыным, мінездеме, офицер атағын беру туралы бұйрықтан үзінді, жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның көшірмесі (нотариат растаған);
  • офицер атағын беру туралы бұйрықтан үзіндіні алған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей атаулы тізімді және жеке істі оқу орнының орналасқан жері бойынша елорданың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың қорғаныс істері департаментіне жібереді;

запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен азаматтарға:

  • нысан бойынша запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша даярлықтан өткен азаматтардың атаулы тізімін жасайды;
  • оқу орнының орналасқан жері бойынша "Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған азаматтарға "кіші сержант" ("медицина қызметінің кіші сержанты") әскери атағын беру туралы" елорданың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың қорғаныс істері департаменті бастығы бұйрығының жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірлейді;
  • азаматтар әскери кафедраны бітірген сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей атаулы тізімді, бұйрық жобасын (мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық және қағаз түрінде), оқу орны ректорының әскери кафедраға қабылдау туралы бұйрығынан үзіндіні және әскери кафедрада оқуды бітіру емтиханын тапсыру хаттамасынан үзіндіні (мөрмен расталған) оқу орны орналасқан жер бойынша елорданың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың қорғаныс істері департаментіне жібереді.

Қорғаныс істері департаменті:

  • запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен және оқуды бітіру емтиханын тапсырған азаматтардың жеке істерін әскери кафедрадан алған кезде;
  • запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен азаматтарға арналған құжаттарды әскери кафедрадан алған кезде:

– олардың бар болуын және дұрыс ресімделуін тексереді;

– дәлсіздік анықталған не қате болғанда құжаттарды әскери кафедраға қайтарады;

– әскери атақ беру туралы бұйрық шығарады;

– алынған құжаттарды жеке іске тігеді және мұрағатқа сақтауға береді.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сында азаматтардың әскери кафедраны бітіргені және оларға әскери атақ берілгені туралы ҚР ҚМ АЖ-сынан хабарлама алғанда мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

  • әскерге шақырылушының есепке алу картасының 5-бөлімінде әскери міндеттілердің есебіне беру туралы белгі қойылады;
  • әскерге шақырылушылардың жеке ісі аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО-сының бастығы бекіткен акт бойынша 7 жұмыс күнінен кешіктірілмей әскери міндеттілерді есепке алу бөлімшесіне беріледі;
  • есептік-әліпбилік кітаптың 8-бағанында запасқа алу немесе әскери есептен шығару үшін әскерге шақырылушылардың жеке ісін беру актісінің күні мен тіркеу нөмірі көрсетіледі;
  • ҚР ҚМ АЖ-сының электрондық есепке алу карточкасы толтырылады;
  • әскери міндеттілердің есебіне қабылданған әскерге шақырылушылардың есепке алу карталары белгіленген тәртіппен сақтауға мұрағатқа беріледі;
  • есептік-әліпбилік кітаптың 9-бағанында әскерге шақырылушының есепке алу картасының сақталатын орны туралы белгі жасалады.

Қажет болғанда запастағы офицерлер немесе сержанттар бағдарламасы бойынша даярлықтан өткенін растау үшін азаматтарға олардың өтініші бойынша оқу орнының әскери кафедралары нысан бойынша анықтама береді.

Бұйрық 2025 жылғы 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: