Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Сарыарқа "хоккей клубы" ЖШС-ның бұрынғы директоры Арғын Нығматулинді іздестіруде. Іздеу жарияланғаны туралы ақпарат Құқықтық статистика органдарының сайтында орналастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен, іздестіру ісі 2025 жылдың 3 наурызында Астанада тіркелген. Іздеу жариялаушы - прокуратура.
Сурет: qamqor.gov.kz
Zakon.kz редакциясының 2025 жылдың 3 наурызында жолдаған сауалына Бас прокуратураның баспасөз қызметі келесіні жеткізді:
"Бас прокуратура А.З. Нығматулинге және Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген басқа адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр".
Сотқа дейінгі тергеу аясында Арғын Нығматулин күдікті деп танылды.
"Соттың санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды және ол Қазақстаннан тыс жерде болуына байланысты іздестірілуде". ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
Арғын Нығматулин 2007 жылдың сәуірінен 2018 жылға дейін "Сарыарқа "хоккей клубы" ЖШС-ның директоры болды. Сондай-ақ Қарағанды облыстық мәслихатында депутаты болған.
Айта кетсек, 2025 жылғы 7 ақпанда Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланғаны хабарланды. 17 ақпанда оның Өзбекстанда ұсталғаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript