Жамбыл облысында алаяқтық жолмен өзгенің 2,7 млн теңгесін иемденген күдікті ұсталды

Ақша, Жамбыл облысы, алаяқтық, күдікті, ұсталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 19:42 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп 2,7 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен иемденген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, белгісіз тұлға өзін техникалық жабдықтау компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге бөліп төлеу арқылы тауар рәсімдеп беруді сылтауратып, екінші деңгейлі екі банктен 1 200 000 және 1 559 000 теңге көлемінде несие рәсімдеткен.

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 22 жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазіргі таңда жәбірленушіге материалдық залал қайтарылып, тергеп-тексеру аяқталғаны нақтыланады.

 "Матрешка" схемасы: қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: