Жамбыл облысында 3 млн теңге көлеміндегі алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Алтын бұйымдар, Жамбыл облысы, ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 18:50 Сурет: pixabay
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылғы 23 шілдеде полицияға жергілікті тұрғын белгісіз біреудің үйіне терезе арқылы кіріп, жалпы 2 890 000 теңге көлемінде алтын бұйымдары мен қолма-қол ақшасын ұрлағанын хабарлаған.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен 33 жастағы Шу ауданының тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында оның 3 450 000 теңгенің мүлкін ұрлағаны анықталды. Жалпы, күдіктінің жеті ұрлық дерегіне қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Астанада қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: