Астанада қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2025 10:45 Фото: Zakon.kz
Астаналық азамат автобус ішінде рюкзагын ұмытып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіруіс-шараларын жүргізу барысында қоғамдық көлікте бөтеннің мүлкін ұрлаған 32 жастағы азаматты анықтады.

Полицияға қала тұрғыны арызданған. Ол кейін қоғамдық көлікте рюкзагын қалдырып кеткенін байқаған. Рюкзактың ішінде құжаттар, әмиян және жеке заттар болған.

Бұл әрекеттен жәбірленушіге материалдық шығын келтірілген. Көп ұзамай жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтап, ұстады.

Ер адам өз кінәсін мойындап, иесіз қалған затты көріп, оны ұрлап кеткенін айтты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сөмке ішіндегі заттармен бірге полицейлер тарапынан тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: