"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы зауыт құрылысына байланысты кеңейтіледі

"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы зауыт құрылысына байланысты кеңейтіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 14:36 Сурет: seztaraz.kz
"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағын кеңейтуді көздейтін ҚР Үкіметінің қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.

Оның аумағы 805 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

Белгілі болғандай, қаулы ҚР Премьер-министрі О.А. Бектеновтың Жамбыл облысында "Yonggang Central Asia Iron and Steel" ЖШС металлургиялық комбинатын салу жөніндегі жобаны іске асыру мәселесі жөнінде 2025 жылғы 27 ақпанда Fujian Hengwang Investment Co Ltd Басқарма Төрағасы Цэн Чжаоцяньмен кездесу қорытындысы бойынша қабылданды.

Металлургия комбинатын салу бойынша жоба шеңберінде жоспарланып отырған инвестициялардың жалпы көлемі іске асыру кезеңінде 2300 жұмыс орнын, пайдалануға берілгеннен кейін 2500 тұрақты жұмыс орнын құрумен және жылына 3 млн тонна болат шығарумен 756,2 млн АҚШ долларын (396 755,5 млн.теңге) құрайды.

Жоба шеңберінде экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес 10 код бойынша өнім номенклатурасын шығару жоспарлануда, оның ішінде 5 позиция бойынша Қазақстан Республикасында өнім шығарылмайды, бұл өз кезегінде болат прокатының жекелеген түрлері импортының 70% – на дейін алмастыруға және өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

"Жобаны іске асыру қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және Жамбыл облысында өнеркәсіптің жаңа жетекші саласы – қара металлургияны құру арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға серпін беріп, өңірде металл өңдеу салаларын белсенді дамыту әлеуетін жасайды",- делінген ақпаратта.

Құжат 19 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: