Павлодарда полицейлер өртеніп жатқан үйден адамдарды құтқарды

Өрт, Павлодар облысы, Екібастұз, полицейлер, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2025 12:06 Сурет: Павлодар қалалық ПД
Екібастұзда полицейлер өрт өсндірушілер келгенше оқиға орнынан үлкендер мен балаларды өрттен құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар қалалық ПД баспасөз қызметі қаладағы полияның кезекші бөліміне Конституция даңғылындағы тұрғын үйдің үшінші подъезде орналасқан тұрмыстық қоқыстар қоймасынан өрт шыққаны туралы хабар түсті. Қалың түтін подъезді де басып, ішіндегі адамдарға қауіп төндірді.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері Ерболат Сыздықов, Нариман Жетпісбаев және Жәдігер Рахатұлы шұғыл жетті. Өрт сөндірушілер келгенше тәртіп сақшылары тұрғындарды өз бетінше эвакуациялай бастады.

"Полицейлер екі баланы қолдарына алып, бірнеше адамға сыртқа шығуға көмектесті. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жеткен соң, тәртіп сақшылары барлық пәтерді қайта тексеріп, ішінде ешкімнің қалмағанына көз жеткізді". Павлодар қалалық ПД

Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында өрт тез сөндіріліп, тұрғындардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін бүгін Алматыда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртенгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: