Шымкентте полиция 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысын ашты

Түрме, Шымкент, полиция, 25 жыл, қылмыс, адам өлтіру  , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2025 15:59 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте полиция 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысын ашты. Оқиға 1999 жылдың тамыз айында болған. Жеке үйден зорлық-зомбылық белгілері бар зейнеткердің мәйіті табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сараптама марқұмның тұншығып өлгенін көрсетті.

"Күдіктінің көршілес елде басқа қылмыс үшін жазасын өтеп жатқаны анықталды. Реадмиссия арқылы ол Шымкент қаласына жеткізіліп, қамауға алынды. Тергеу "Адам өлтіру" бабы бойынша жүргізілуде, - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Одан бөлек, сол қалада қылмыс жасағаны үшін 16 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды. 


"Күдікті 2009 жылы үш адамға оқ атып, соның салдарынан біреуі қаза тапқан. Бұған қаржылық келіспеушіліктер себеп болған. Күдікті қамауда. Материалдар сотқа жіберілді", - деді Руслан Назаров.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: