Ақмола облысындағы ауылдардың бір бөлігі қайта құрылады немесе таратылады

Ақмола облысындағы ауылдардың бір бөлігі қайта құрылып, таратылмақ , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2025 14:16 Сурет: amanatpartiasy.kz
Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және облыстық мәслихаттың "Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы" шешімі дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобамен Ақбейіт (Астрахан ауданы), Жолбасшы (Ерейментау ауданы), Үлгіалған, Қарағай, Жаңатуған, Федосеевка, Ынталы (Бурабай ауданы), Еруслановка, Ұлтуған, Добровольное, Красносельское, Балуан Шолақ, Пушкино (Бұланды ауданы), Чашке (Сандықтау ауданы) ауылдарының басқа қоныстар санатына жатқызу және есептік деректерден шығару көзделіп отыр.

Сондай-ақ, таратылып, енгізілетіндер:

  • Бұланды ауданының Айнакөл ауылдық округі, Уәлиханов ауылдық округінің Ақсу ауылы, Уәлиханов ауылдық округінің Уәлиханов ауылының құрамына енгізіледі.
  • Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің Қайнар ауылы, Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің Жалғызқарағай ауылының құрамына енгізіледі.

Сонымен қатар, әкімшілік-аумақтық бағыныс өзгереді:

  • Айнакөл ауылдық округінің Айнакөл және Острогорка ауылдарын Журавлев ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына беру.
  • Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы Ерназар ауылын Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына беру.

Бұл ретте, Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылы Жібек Жолы кенті болып қайта құрылып, Жібек Жолы ауылдық округінің құрамынан шығарылады, сондай-ақ Жібек Жолы ауылдық округінің әкімшілік орталығы Жалтыркөл ауылы болып айқындалады.

Мұны 2025 жылдың маусымына дейін өзгерту жоспарланған.

Құжат 17 сәуірге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: