Елімізде мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік қажеттілігі мақсатында радиожиіліктерді беру ережесі бекітілді

Елімізде мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік қажеттілігі мақсатында радиожиіліктерді беру ережесі бекітілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 10:05 Сурет: pixabay
ҚР Қорғаныс министрі 2025 жылғы 10 сәуірдегі бұйрықпен мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік мұқтажын қамтамасыз ету мақсатында радиоэлектрондық құралдар үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ережеде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиожилікпен қамтамасыз етуінде тұрған мемлекеттік органдар нақтыланды:

  • ҚР Бас прокуратурасы;
  • ҚР Көлік министрлігі;
  • ҚР Қаржы министрлігі;
  • ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі;
  • ҚР Мемлекеттік күзет қызметі;
  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі;
  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
  • ҚР Ішкі істер министрлігі. 

Радиожиілік спектрі (РЖС) байланыс саласында шектеулі ұлттық ресурс болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында радиожиілікті қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (ҚР ҚМ) беретін рұқсат құжаттарының болуымен куәландырылады.

Жиілік белдеуін бөлу Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы радиоқызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц – 400 ГГц дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесі» және ҚР ҚМ бекітетін радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарларына сәйкес, Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы бекітетін ХЭБО радиобайланыс регламентіне сәйкес жүзеге асырылады (ХЭБО радиобайланыс регламентіндегі барлық жаңарту Бүкіләлемдік радиобайланыс конференциясы өткізілгеннен кейін жүргізіледі).

ҚР ҚМ РЖС, жиілік белдеуін тиімді пайдалану мақсатында ҚР ҚМ радиожиілікпен қамтамасыз етуінде тұрған мемлекеттік органдар үшін РЖС-ны перспективалық пайдалану жоспарын әзірлейді.

Жиілік белдеуін беру РЖС-ға қолжетімділікті айқындайды және ЖБ, РЖ немесе РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ үшін РЖА бөлу туралы шешімді біртіндеп алу, сондай-ақ РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ үшін ЖБ, РЖ (РЖА) беруге (белгілеуге) рұқсат алу арқылы жүзеге асырылады. 

ЖБ, РЖ немесе РЖА бөлуге өтінім мынадай құжаттардан тұрады:

  • нысан бойынша өтінім;
  • жоспарланатын радиожелінің (радиожолақтың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар, пайдалануға жоспарланған РЭҚ-тың техникалық сипаттамасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қамтылған сұратылатын радиожиілік белдеуіне (номиналына) негіздеме келтірілетін еркін нысандағы түсіндірме жазба, байланысты ұйымдастыру схемасы;
  • нысан бойынша тиісті радиобайланыс түріне РЭҚ-ға толтырылған сауалнама;

ЖБ, РЖ немесе РЖА бөлуге өтінімді қарау:

  • өтінімді ресімдеу толықтығы мен дұрыстығын тексеруді;
  • ЖБ, РЖ немесе РЖА бөлу немесе бөлуден бас тарту туралы шешім қабылдауды;
  • РЖБ, РЖ немесе РЖА бөлу немесе бөлуден бас тарту туралы шешімді ресімдеуді қамтиды.

ҚР ҚМ ЖБ, РЖ немесе РЖА бөлу туралы шешім қабылдау кезінде:

  • сұрау салынған ЖБ, РЖ мен РЖА-ның Ұлттық кестеге, мәлімделген РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ параметрінің талаптарға, сондай-ақ түсіндірме жазбада мазмұндалған мәліметке сәйкестігін;
  • РЖҚ-ның үкіметтік мақсаттағы электрондық дерекқорға және азаматтық мақсаттағы РЭҚ-ға берілген радиожиілік дерекқорына жүктелуін;
  • бос ЖБ, РЖ немесе РЖА-ның болуын, сондай-ақ РЭҚ-ны пайдалану жоспарланған белгілі нақты елді мекендегі (өңірдегі) қалыптасқан электромагниттік жағдайды;
  • РЭҚ ЭМҮ-ге және (немесе) ЖЖҚ-ға сараптама жүргізілген жағдайда оның қорытындысын ескереді. 

ҚР ҚМ-да ЖБ, РЖ (РЖА) бөлуге өтінімді қарау мерзімі сұрау салу түскен сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайды. ХЭБО-ға қатысушы елдермен халықаралық келісу қажет болған жағдайда қарау мерзімі төрт айға дейін ұзартылады.

ҚР ҚМ-да ҚР ҚМ-ның радиожиілікпен қамтамасыз етуінде тұрған мемлекеттік органдардың РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ үшін ЖБ, РЖ немесе РЖА бөлу туралы мәліметтерді есепке алу жүзеге асырылады, ол үкіметтік мақсаттағы радиожиіліктің электрондық дерекқорына енгізіледі.

Бұйрық 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: